Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда коммуналды қызметтің жаңа түрі пайда болды

Алматыда коммуналды қызметтің жаңа түрі пайда болды

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Алматылықтар наурыз айында көрсетілген коммуналды қызметтер түбіртегінде «Жылжымайтын мүлікті сақтандыру» деген жаңа жолдың пайда болғанын хабарлаған.  Бұл туралы krisha.kz жазды.

«Сақтандыру компанияларының бірі бізге осындай қызмет түрін қосуды ұсынды. Бұл туралы түбіртектің артында толықтай түсіндірілген. Біздің ойымызша, бұл қазір өте қажет қызмет. Себебі, көршілердің бірінен су кетсе қалған пәтерлер келген залалдың ақысын ұзақ күтіп қалады немесе тек сот арқылы ғана алады», — деп түсіндірді «ИВЦ» ЖШС директры Валентина Резникова.

Аталған қызмет түрінің ақысы 95-295 теңге аралығында бағаланған.

Оның айтуынша, төлеу не төлемеу тұрғындардың өз еркінде. Бірақ ай сайып төлеп отырғандарға қандай да пәтер ішінде оқыс оқиға боп қалған жағдайда сақтандыру компаниясы шығын көлемін төлеп береді.

Айта кетейік, «ИВЦ» ЖШС-де ерікті түрде төленетін бірнеше қызмет түрі бар. Оның қатарына заң қызметі (айына 25 теңге), 188 анықтама телефоны (айына 90 теңге), бос жұмыс орындары туралы анықтамалық (айына 85 теңге) кіреді. Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовскаяның сөзінше, Қазақстан заңнамасында түбіртекте не болуы керек екенін туралы ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан тұтынушылар қызмет түрін алып тастау туралы арыз жазып, қызметтерді төлемей-ақ қояюына болады.

Похожие материалы