Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Қала күніне орай ұйымдастырылған концертке келген көрермендер 94 мыңға жуық гүлді таптап кетті. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келтірілген шығын 13 млн теңгеден астам. Тапталған гүлзарлардың ішінде біржылдық, көпжылдық бұталар мен әртүрлі гүлдер жойылды.
Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталған, соның ішінде 913 шаршы метр – біржылдық өсімдіктер, 326 шаршы метр – көпжылдық өсімдіктер. 117 шаршы метр – раушан гүлдер.
Сонымен қатар Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камера қираған.
«Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы саналатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру және көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды», – деді әкімдікте.
Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі.
Айта кетейік, Қала күніне орай ұйымдастырылған Gakku Dauysy-2022 фестивалі Алматыдағы «Астана» алаңында өтті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024