Алматы. 14 сәуір. 7kun.kz - Алматыда Қытайдың «LIFAN» маркалы автомобилінің жаңа дилерлік орталығының тұсау кесері өтті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
Автокөліктердің бағасы 3,5 миллионнан 5 миллионға дейін.
«ABS Invest» ЖШС бас директоры Болат Әбілақовтың айтуынша, жобаның әлеуметтік жағы бар. «Біздің көліктерге орташа жалақысы бар кез келген жанұяға іс жүзінде қол жетімді. Яғни несие бойынша ай сайынғы төлем 60 000 теңгені құрайды», - деп атап өтті ол.
Болат Әбілақов 2400 шаршы метр алаңы бар автосалонда 3 түрлі автокөлік қатарының орналасқанын, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 4 түрінің қосылатынын айтты. Дилерлік орталық арқылы 42 жаңа жұмыс орны құрылады.
Сонымен қатар, жоғары технологиялық жабдықтарымен жаңа сервистік станциясы және қосалқы бөлшектер қоймасы салынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024