Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Алматыда екі жаңа метро станциясының құрылысына 43,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.
Соның ішінде 2019 жылы 10,3 миллиард теңге бөлінді. 2020 жылға республикалық бюджеттен 10 млрд теңге жоспарланған.
Компанияда осы қаражат есебінен "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің салынатынын атап өтті.
"Метроның бірінші желісін кеңейту төрт станцияның құрылысын көздейді: "Сарыарқа", "Достық", "Қалқаман" және "Батыс "автовокзалы. Метрополитенді одан әрі дамыту мақсатында "Достық" станциясынан "Қалқаман"станциясына дейін үшінші іске қосу кешенінің құрылысы қарастырылған. Оларды қаржыландыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Сонымен қатар, 2018 жылы "Қалқаман" станциясынан "Батыс" автовокзалы" (үшінші кезек) станциясына дейін Алматы метрополитенінің бірінші желісінің екінші кезегін ұзарту" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды", - деп түсіндірді ұйым.