Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда «Miras» аймақтық қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті

Алматыда «Miras» аймақтық қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті

Бүгін өңірлерде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бекқали Торғаев, Айгүл Құспан, Жұлдыз Сүлейменова, Айдос Сарым, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Арман Халбеков, Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айбар Теменов және қоғамдық кеңестің мүшелері мен зиялылар қатысты.

Жиынды кеңес төрайымы Қарагөз Сүлейменова жүргізіп отырды. Қоғамдық кеңес отырысында бүгінгі әлеуметтегі өзекті мәселер, оның ішінде руханият, жер, білім беру, тәрбие, авторлық құқық мәслелері талқыланды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Хангелді Әбжанов Мәжіліс депутаттарына елдегі идеологиялық жұмысты қайта қарастырып, жаңа реформалар жасау керек, деді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қоғам мен билік арасында ашықтық болу қажет екендігін айтып, Үкіметке бұл бағыттағы жұмыстарды жеделту жөнінде ұсынысын жеткізетіндігін айтты.

Кеңес мүшесі, актер, әнші, композитор Байғали Есеналиев Мәжіліс депутаттарына заңнамадағы термин сөздердегі қателіктер және скульпторлар құқығын заңды мұраландыру мәселесін көтеру жайлы ұсынысын білдірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым аталған мәселе бойынша нақты ережелер қабылдау үшін Үкіметке ауқымды жиын өткізу жөнінде ұсыныс айтатындығын жеткізді.

Айта кетейік, «Miras» аймақтық қоғамдық Кеңесі Алматы қаласындағы мәдениет пен өнерді дамыту бағытындағы мәселелерді талқылап, шешімін табуға бірден-бір үлес қосып отырған алаң. Бұған дейін кеңестің 6 отырысы өтіп, нәтижесінде 15 сұрақ қаралып, мемлекеттік және тиісті органдарға 42,  «Miras» республикалық қоғамдық Кеңесіне 2 ұсыныс жолданған.

Похожие материалы