
Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Мирболат Құрмашев Алматыда жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мирболат Құрмашевтің жаназасы Алматыдағы «Райымбек батыр» мешітінде оқылды. Ақтық сапарға шығарып салуға оны танитын, бірге оқып, қызмет еткен туған-туыстары, достары, әріптестері келді.
Айта кетейік, Мирболат 2020 жылы жұмыс бабымен Түркияға өз жобаларын іске асыруға кеткен болатын.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ мен Мирболаттың денесін елге жеткізу бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды. Кеше, 11 ақпанда кешке Түркиядағы жер сілкінісі кезінде опат болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025