
Алматы. 7 қазан. 7kun.kz – Оқушыларды тонап кеткен үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Полиция мәліметінше, үш күдікті бір жарым сағаттың ішінде Наурызбай ауданының аумағында екі қылмыс жасаған.
«Алдымен, олар сағат 15:00 шамасында мектептен қайтып келе жатқан үш балаға шабуыл жасады. Олар кәмелетке толмағандардың ұялы телефондары мен ақшасын ашық түрде иемденіп алған. Арада бір жарым сағат өткен соң күдіктілер 41 жастағы ер адамды тонап кетті. Бұл жолы олар жәбірленушінің ұялы телефоны мен құжаттарын алып қойған», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
24-34 жас аралығындағы үш күдікті де дереу ұсталды.
Олар өз кінәсін мойындады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес тіркелді. Ұялы телефон, құжаттар айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына тіркелді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025