Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені құтқарып қалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оқиға кеше түнде Түрксіб ауданында орын алды. Полицияға түнгі сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағандығы туралы қоңырау келіп түскен.
«Ол қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін мен оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма “бала қайда?” деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиға орын алғанға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты», – деді Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.
Сол уақытта тергеу-жедел тобы келген. Полицейлер дәретхананың еденінен тақталарды алып тастап, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев баланы қызметтік жейдесіне орап, шығарып алған. Сол кезде нәресте жылады, дейді учаскелік инспектор.
17 жастағы жасөспірімнің анасы қызының жүкті болғанын білмеген. Қазір осы дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Қазір баланың жағдайын біліп қайттық. Ол дәрігерлердің бақылауында жансақтау бөлімінде жатыр. Өз бетінше дем алып жатыр – бұл жаңалыққа баланы құтқаруға қатысқан барлық әріптестерім қатты қуанды. Демек бала өмір сүреді. Ол туылғаннан бері өз өмірі үшін күресті. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бақытты болып өсе берсін. Мен үш ұлдың әкесімін. Сондықтан бұл оқиға мені бей-жай қалдырмады. Біз өз әріптестерімізбен бірге құтқарылған нәрестенің тағдырын міндетті түрде қадағалаймыз және мүмкіндігінше оған қатысатын боламыз», – деді Шатунов.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024