Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Қазақстан Қаржыгерлерінің конгресі басталды

Алматыда Қазақстан Қаржыгерлерінің конгресі басталды

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Бүгін Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен және Қазақстан қор биржасымен (KASE) бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі басталды.

Жиынға әлемнің 20 елінен 300-ден аса қатысушы келді. Олардың қатарында ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Марк Хортон, Ресей Федерациясы Орталық банкінің Төрағасы Эльвира Набиуллина, РФ Орталық банкі Төрағасының орынбасары Василий Поздышев, Мемлекетаралық банктің Президенті Игорь Суворов, BaFin өкілі Петер Крушель, Чехия Орталық банкі Басқармасының мүшесі Войтех Бенда бар.

Жиынды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің Төрағасы Елена Бахмутова ашты.

Конгресте  орталық банктердің алдында тұрған сын-қатерлер,ұлттық валюталарды трансшекаралық есеп айырысуларда пайдалану, тәуекелге бағдарланған қадағалау, ипотекалық форум, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыға түседі.

[su_pullquote]Ұлттық валюта теңгенің енгізілуінің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты сессиялардың бірі қолма-қол ақшаны пайдалану тақырыбына арналған, Оның барысында қолма-қол ақша айналысының және оның болашағының мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.[/su_pullquote]

Конгрес аясында Қазақстан биржалық форумы да өтпек. Қазақстан биржа форумы қор нарығының және Орталық Азия өңірінің орталық пікірталас алаңы болмақ. Онда экономиканы қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыру, биржа инфрақұрылымын дамыту және биржа құралдарын ілгерілету мәселелерін көтеру жоспарланған.

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі https://kapital.kz/nbk сілтемесі бойынша тікелей көрсетіледі.

Похожие материалы