Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Алматы қаласында самокат мінген 27 жастағы қыз көлік есігіне соғылып, ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға маусым айында болған. 27 жастағы қыз электросамокатпен жолда келе жатып, Nissan Patrol көлігінің есігі ашылған тұста, марқұм самокатты тоқтатып үлгермей, қатты жылдамдықпен есікке соғылған.
Ол дерек ауруханаға жеткізілген. Алайда бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған.
Айта кетейік, жыл басынан бері самокат мінген адам өлімі алғаш рет тіркеліп отыр. Алты ай ішінде Алматыда самокат мен мопед қатысуымен 77 жол апаты тіркелген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024