Алматыда скандинавиялық жүрістен Almaty Nordic Walking Fest 2019 фестивалі өтеді
Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Маусым айында Алматыда скандинавиялық жүрістен Almaty Nordic Walking Fest 2019 алғашқы фестивалі өтеді. Бұл іс-шараны қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры ұйымдастырады.
Скандинавиялық жүріс – дене пішінін, хал-ахуалды және көңіл күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым, қолжетімді және өте тиімді тәсілі, қазақстандықтар арасында скандинавиялық жүрістің танымалдылығы жыл сайын өсіп келеді.
Almaty Nordic Walking Fest бірінші фестивалі 2019 жылғы 2 маусымда, Алматы қаласында «Атакент» көрмелік кешені алаңында өтеді. Біздің елде өткізілетін басқа спорттық іс-шараларға қарағанда, скандинавиялық жүріс бойынша фестивальде спорттық қашықтықтың әрбір қатысушысы мен корпоративтік командалары үшін уақыт белгіленетін болады, ал қозғалыстың дұрыстығы мен көркемділігін кәсіпқой қазылар қадағалайтын болады.
«Скандинавиялық жүріс – рахатқа бөленіп, өзіңізді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін, барлық жастағы адамдар үшін фитнестің әсем түрі. Біз, барлық қатысушылар үшін уақытты есептеумен және тәжірибелі және бастаушы «нордиктер» үшін қашықтықтары белгіленген алғашқы жеке жарысты ойластырдық. Almaty Nordic Fest белсенді қазақстандықтардың жүрегін жаулап алады деген үміттемін», - дейді Қор директоры, Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева.
Скандинавиялық жүріс бойынша Almaty Nordic Walking Fest фестивалі Алматы қаласының 2019 жылдағы спорттық оқиғаларының ресми күнтізбесіне енгізілді. Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қорының жоспарында скандинавиялық жүріс бойынша фестивальді Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкент қаласында өткізу, сонымен қатар географияны көршілес елдерге – Өзбекстан және Қырғызстанға кеңейту бар. Барлық іс-шараларды жыл сайын өткізу де жоспарланып отыр.