Алматыда «Смарт сити» жобасын жүзеге асыруға Сингапур компаниялары қатысады
Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Сингапурлық кәсіпкерлер Алматыдағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Алматы қаласы әкімінің Сингапурге жұмыс сапары барысында аралда орналасқан мемлекеттің іскер ортасы және қала әкімдігі арасында екіжақты келісімге қолжетті. Екіжақты кездесу аясында Бауыржан Байбек сыртқы істер бойынша аға мемлекеттік министр –Сингапурдың Оңтүстік Шығыс ауданының Мэрі Мұхаммед Малик Османмен және Сингапурдың сауда, өндіріс ұлттық даму жөніндегі аға мемлекеттік министрі Ко По Кунмен жүздесті.
Іс сапар барысында Сингапурдың жер үсті көлігі жөніндегі Агенттік қызметіне ерекше назар аударылды. Көлік жүйесін интеграциялауды жалпы қаланың дауымен қоса жүргізу мәселесі кеңінен сөз болды.
«Біз қазір ауқымды көлік реформасын жүзеге асырып жатырмыз. Смарт шешімдерде Сингапур тәжірибесін пайдаланып, адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартамыз, әсіресе көлік саласында. Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам көлік жүреді, соның салдарынан қала трафигіне қысым жасалады. Біз қоғамдық көлікке ерекше назар аударамыз. Жыл аяғына дейін қала автобус паркінің үштен бірі жаңарады, ЖРК жобасына дайындықтар жасалады, БРТ дәлізі құрылады, метро құрылысы жалғасады, автобустарға арналған арнайы жолақтар ұзындығы 100 шақырымға дейін жетеді. Көлік тұрақтары қолға алынып, велоинфрақұрылым, жаяу жүргінші аймақтары пайда болады», -деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Алматыда саябақтар, гүлзарлар қайта жасалып, қаланы жасылдандыру стратегиясы қолға алынды. 2018 жылы 15 саябақ пен скверлер қайта жаңғырады. Алматының Ботаникалық бағы толық жаңарады. Алматының делегациясы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген Сингапурдың Ботаникалық саябағында болып, үздік практикамен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша шетелдік серіктестер үшін бағдарламалар мен шешімдер дайындайтын «Singapore Cooperation Enterprise» мемлекеттік агенттік Алматыға смарт-технологияны енгізуге, қала құрылымын тиімді жоспарлауға және шеберлік жоспарларды жасауға көмектесетін болады. Алматыны дамыту Орталығы, Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен «Singapore Cooperation Enterprise» арасында жасалған тиісті меморандумға қол қойылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024