Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда стартапшылар марафоны өтеді

Алматыда стартапшылар марафоны өтеді
Алматы 30-31 наурызда екінші рет "Сколково" қорының масштабты марафонына қатысады. Startup Tour 2016 келесі кезеңі Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Management University-де өтеді. Алматы Startup Tour 2016 маршрутындағы тоғызыншы қала болмақ. Осы жылы жоба ұйымдастырушылар 11 ресейлік қалаға, сондай Алматы және Минск қалаларына бармақ. Осы жылғы бағдарлама негізгі бес бағытқа бөлінген: - Биологиялық және медициналық технология - Ауыл шаруашылығы мен өндірістегі биотехнология - Өндіріс технологиялары және материалдар - Энергетика және энергетикалық тиімді технологиялар - Ақпараттық технология Startup Tour 2016 -  табысты инновациялық жобалар, стартап-командалар іздейтін Ресейдегі ірі шараның бірі. Жобаның мақсаты– бәселес нарықта сұранысқа ие технологиялық шешімдер іздеу, даму стратегиясын құрастыруда жаңа таланттарға көмектесу. Шараға ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттер, кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес иелері, билік органының өкілдері қатыса алады.

Похожие материалы