Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz - Алматы қаласындағы тұрғын үйлерді жалдау құны төмендеп жатыр, деп хабарлайды kn.kz сарапшылары. Бір апта ішінде, яғни 2016 жылдың 15-21 ақпан аралығында мегаполистегі пәтер бағасы айына 133 мың теңге деп белгіленген. Ал шаршы метр үшін орташа баға - 2093 теңге.
Қалада орташа есеппен ең қымбат тұрғын үй жалдау бағасы 249 мың теңгені құрайды. Ал ең арзан пәтерді айына 78 мың теңгеге жалдауға болады.
Айта кетейік, Казриэлт компаниясы сарапшыларының мәліметі бойынша ең қымбат тұрғын үй жалдау құны Алматы, Астана, Ақтау және Қарағанды қалаларына тиесілі. Ал сату бағасы бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр.
Сондай-ақ, Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының Президенті Ермек Мүсіреповтың сөзінше, жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үйлерді жалдау 80%-ға, ал сату-сатып алу бойынша белсенділік 90%-ға төмендеген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024