Алматыда тау-кен металлургиялық кешені саласына арналған біліктілік орталығы ашылады
Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz - «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры «McKinsey» халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесе Тау-кен металлургиялық кешенге арнап Біліктілік орталығын ашпақ. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Орталықтың қызмет бағыттарының бірі ҚР Тау-кен металлургиялық кешені (ТКМК) саласында «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналмақ. Орталық 2016 жылдың екінші жартыжылдығында Алматыда ашылады деп жоспарланып отыр.
«Бастапқы кезеңде Біліктілік орталығында кен байыту фабрикасындағы өндірістік желінің жұмыс үлгісі орнатылатын болады. Оқушылар озық тәжірибе үлгілерімен танысып қана қоймай, сонымен бірге, өндірістік желінің тиімділігін арттыру үшін оның жұмысына өз бетінше түзетулер енгізе алатын болады. Ары қарай біз ТКМК саласындағы компанияларға кен өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін модульдерді ұсынуды жоспарлап отырмыз", - деді «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.
ТКМК Біліктілік орталығы аясындағы автоматтандыру және терең талдау жүргізу жөніндегі бірінші модуль биыл іске қосылмақ. Қазіргі таңда кен байыту фабрикалары базасында пилоттық жобаларды жүргізу жөнінде жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуде.
ТКМК Біліктілік орталығы «McKinsey» компаниясының атсалысуымен негізі қаланған біліктілікті көтеру жөніндегі әлемдегі он алтыншы орталық саналады, ал Қазақстан үшін бұл осындай бағытта қызмет жүргізетін тұңғыш орталық болып отыр.
«Индустрия 4.0» тұжырымдамасының элементтерін қолданысқа ендірудың арқасында өндіріс пен оның инфрақұрылымына ақылды интернетті ықпалдастыруға, сондай-ақ, шығындарды барынша азайта отырып, қажетіліктерге байланысты нысаналы өндірістің параметрлерін өз бетінше белгілеуге мүмкіндік пайда болады. Осылайша өнеркәсіптік интернетті және «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын дамыту арқылы қорлар тиімді басқарылып, өндірістік үдерістерге терең талдау мен оңтайландыру жүргізілетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024