
Алматы. 11 қазан. 7kun.kz — Алматыда ҚР азаматы А. Ж. Битимбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Ол деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған "ДАИШ" (ИГИЛ) халықаралық террористік ұйымының жақтастары ретінде ҰҚК назарына түскен.
Битимбаевты осы жылдың сәуір айында ұстаған.
Тінту кезінде одан атыс қаруы мен жарақат салатын қару, жарылғыш құрылғы жасауға арналған компоненттер, үш сауда және ойын-сауық орталығының схемалары, маска мен қолғап тәркіленді.
Шабуылдан кейін ол Сирияға шетелдік содырлардың қатарына қосылуды және террористік әрекеттерді жалғастыруды көздеді.
Күдіктінің кінәсі айғақтармен, заттай және басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025