Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – Алматыда тыр жалаңаш самокат тепкен жастар ұсталып, 10 күнге қамалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз самокатпен жүрген 1997 жылы туған М. есімді қыз бен 2003 жылғы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.
«Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылықпен квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады ПД-да.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024