Экономика
Универсиада қарсаңында құны 20 млрд теңге болатын меморандумдарға қол қойылды
Универсиада қарсаңында құны 20 млрд теңге болатын меморандумдарға қол қойылды.Бұл туралы 2017 жылы өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде мәселе қараған жиында Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Универсиада – ең алдымен, қалада бұқаралық спортты дамытуға импульс беретін, қалалықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба. Қазақстандық мазмұн үлесін арттыру үшін құны 20 млрд теңге болатын меморандумдарға қол қойылды. Бұл- салықтар, жұмыс орнын сақтап қалу», - деді Б.Байбек. Универсиада нысандарының құрылыстарында 50 мыңнан астам адам жұмы істейді. Үш спорт объектілерінің мердегерлері- отандық құрылыс компаниялары. Бұлардағы қазақстандық мазмұнның үлесі 60%. Халықаралық студенттік жарыстар әлемге танымал Eurosport, Eurosport 2, ESPN (АҚШ) NHK World (Жапония), CCTV (ҚХР), Arirang (Оңтүстік Корея) сияқты телеарналарда және ресейлік, басқа көптеген түрлі арналарда көрсетіледі. Қазіргі кезде келісім жұмыстары жүріп жатыр. Күн сайын бұл транцляцияларды әлемнің 80 елінің бір миллионнан астам көрермендері тамашалайды деп күтілуде. Фото:sport.gov.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024