Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда үздік тауар өндірушілердің көрме-байқауы өтеді

Алматыда үздік тауар өндірушілердің көрме-байқауы өтеді

Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz – 9-10 тамыз күндері Алматы қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, биыл айтулы байқауға Алматыдағы 60 компания қатысады. Ең үздіктері үш аталым – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықталады. Жеңімпаздарға естелік сыйлық пен байқаудың республикалық кезеңіне жолдама табысталады.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Атамекен» ҚР ҰКП байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Көрме-байқауында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына жергілікті компаниялардың өнімдерімен танысып қана қоймай, өз бағасымен сатып та алуларына мүмкіндік жасалады.

Қалыптасқан үрдіс бойынша байқау екі күнге созылады.

Похожие материалы