Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы алып тиінді тұрғызуға 24 млн теңге жұмсалған

Алматыдағы алып тиінді тұрғызуға 24 млн теңге жұмсалған

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – Алматының қақ ортасына қойылған арт туынды тиіннің құны белгілі болды.

Авторларының айтуынша аталған 13 метрлік мүсінді жасау үшін 24 млн теңге жұмсалған. Ал, оның 15 млн-ы мемлекеттік қаржы болса , қалғаны жеке адамдардан тартылған екен. Жалпы қалаға қойылатын 16 арт туындыға 78 млн теңге жұмсалады деп жоспарланған.

«Алматыда тиіндерді жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар, мысық, иттің мүсіндерін барлығы жасайды. Ал, тиін өте әдемі әрі табиғатқа пайдасы зор жануар. Тәжірибем бойынша айтайын бұл уақытша тұрған нысан. Ол күнге күйіп, ауа райының қолайсыздығынан өңін өгретуі әбден мүмкін. Дегенмен, аз уақыттың ішінде тиін шаһардың нышанына айналып үлгереді»,- дейді британдық танымал суретші Алекс Ринслер.

Жаңғақ ұстап тұрған тиіннің ұзындығы   13 метр. Ал, салмағы 12 тонна. Оны құрастыруға 4 тоннадан астам сабан мен ағаш жұмсалған. Аталмыш туынды еліміз бойынша ең алып мүсін ретінде Қазақстандық рекордтар кітабына енді.

Похожие материалы