Алматы. 5 қазан. 7kun.kz — «Астана Моторс» компаниясы 25 жылдығын мерекелеу аясында мұражайға келушілерді қазанда тегін кіруді қамтамасыз етеді.
«Біз қазақстандық өнердің үлкен әлеуетке ие екендігіне сенеміз. Бүкіл әлемде ірі компаниялар әлемдегі үздік мұражайларда ашық күндерді өткізеді. Біз бұл дәстүрді жалғастырғымыз келеді. Біз Қазақстанның өнеріне сенеміз!», - деді «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов.
Акция аясында қала тұрғындары мен қонақтары мұражайдың тұрақты көрмелерін тамашалай алады. Сондай-ақ, «Астана Моторс» компаниясы әр апта сайын мұражайдың шығармашылық шеберханасында тақырыптық шеберлік сыныптарын өткізеді.
Айгүл Хожантаева