Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы атысқа қатысты тараған жалған ақпараттар

Алматыдағы атысқа қатысты тараған жалған ақпараттар

Бүгін Алматыда болған атыс жайлы белгісіз дереккөздерден келген қате ақпараттар мен мәліметтер, фото-видеолар желілер арқылы жылдам тарап жатты. Оқиға орнында жарақат алған полицейдің суретінен бөлек, үрей тудыратын семантикадағы хабарламалар қазақстандықтарды біраз уақыт қорқынышта ұстап отырды. Назарларыңызға атыс туралы "оқиға орнынан" деп таратылған, алайда расталмаған ақпараттарды ұсынамыз.

1) Алматы аудандық ішкі істер департаменті маңында атыс болып жатыр деп ақпарат таралған соң, "куәгерлер" Орталық стадион маңында жарылыс болғанын хабарлаған еді. Ақпарат жалған боп шықты. Алайда Абай - Байзақов көшелерінің қиылысында қарулы адам байқалды. Аталған жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылды. Кейіннен, ақпаратқа сәйкес, сол жерде Toyota Camry көлігінің ішінен мерт болған ер адам денесі табылған.

2) Одан бөлек, қару ұстаған 100 шақты адам "Жұлдыз" мөлтек ауданынан қалаға қарай келе жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұл ақпаратты терроризммен күрес жөніндегі Алматы қалалық оперативті штабы жоққа шығарды.

3) Желіде "Қапшағай әскери бөлімшесіне шабуыл жасалды" деген хабар да таралды. Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты да жоққа шығарды. Ведомстваның баспасөз қызметі "Желіде тарап жатқан Қапшағайдағы әскери бөлімшеге жасалған шабуыл туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" деп хабарлады.

4) Сондай-ақ, Төле би-Байзақов қиылысында орналасқан  "Сити Центр" сауда орталығын да басып алды деген ақпарат тарады. Сауда орталығы маңында полицейлер мен арнайы жасақ жүрген. Алайда орталықты басып алу ақпараты жалған болды. "Сити Плюс" (Төле би- Өтеген батыр) сауда орталығына қатысты да осындай ақпарат тараған.

5) Кейбір тұрғындар №5 қалалық аурухананы басып алды деген ақпарат таратқан. Бұл ақпаратта өтірік болып шықты.

Алматы уақытымен 14.00-де терроризммен күрес жөніндегі Алматы қалалық оперативтік штабы қаладағы тағы басқа жерлерді яғни "Жұлдыз" ықшам ауданы мен Бостандық ауданындағы Spa-орталықты басып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қауіпсіздік кеңесінің отырысында дүрбелең туғызған қауесеттердің алдын алып, арандатушыларды анықтау қажеттігін тапсырды.

Похожие материалы