Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы атыс салдарынан 8 адам ауруханаға жатқызылды

Алматыдағы атыс салдарынан 8 адам ауруханаға жатқызылды

17.00-дегі жағдайға сәйкес Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бүгін таңертең қалада орын алған атыс салдарынан зардап шеккен 8 адам қалалық медициналық ұйымдарда ем алуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрлігі хабарлады.

"Жедел көмек ауруханасына 5 адам, орталық қалалық клиникалық ауруханасына 2 адам, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына 1 адам жатқызылды", - делінген хабарламада.

Пациенттердің жағдайы ауыр деп бағалануда. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толыққанды қамтамасыз етілген. Республикалық санитарлық авиация орталығы дайын тәртіпте.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына (АІІБ) атыс болғаны туралы хабар түсті. Николь базарының маңында атыс даусы естілген. АІІБ жасалған шабуылдан құқық қорғау қызметтері жапа шекті. Жан сақтау бөлімінде жатқан жеті қызметкер туралы ақпарат бар. Шұғыл көмек көрсету ауруханасы күзетте.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу Қарасай батыр көшесінің бойыннан Байтұрсыноваға қарай автоматпен жүгіріп кеткен, оның артынан полиция қызметкерлері жүгірген.

Кейіннен  Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ауданындағы атыс туралы ақпарат шықты. Куәгерлердің сөзінше, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері ғимаратқа дереу жеткен.

Похожие материалы