Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы бөлшек сауда нарығының 50 пайызын Magnum Cash&Carry алады

Алматыдағы бөлшек сауда нарығының 50 пайызын Magnum Cash&Carry алады

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz -  Алматыдағы бөлшек сауда нарығының 50 пайызға жуығын Magnum Cash&Carry алады, деп мәлімдейді компания.

Алматыдағы ауданы 7 мың м² болатын бір сауда орталығынан бастап тоғыз жылда желі Қазақстанның бес қаласындағы 28 дүкенге дейін өскен.

Алматыдағы өркениетті сауданың бөлшек сауда нарығындағы оның  — 50% жуық. Желі дүкендеріндегі сатып алушылардың күн сайынғы ағымы орта есеппен алғанда 61 мыңнан астамды құрайды. Қазақстандық қамту тауарларының үлесі — маусымға байланысты 42-47%.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы жұмыс сапарында «Magnum Cash&Carry» ЖШС аралап, онда сауда желісінің қызметімен танысты. Премьер-министр шаруашылық және азық-түлік тауарларының, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, жеміс-көкөніс және ет-сүт өнімдері секцияларын аралады.

«Magnum Cash&Carry» басшысы Александр Гарбер жергілікті өндірушілердің өнімдерін өткізуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағаларын қалыптастыруға қатысты түсініктеме берді.

Дереккөзі: primeminister.kz

Похожие материалы