Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы «Көк базар» жаңартылды

Алматыдағы «Көк базар» жаңартылды

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz - Алматыда «Көк базар» сауда орталығының ресми ашылуы өтті. Жаңа жоба құны 2,5 млрд теңгені құрайды деп жазады kursiv.kz порталы.

Павильон ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды. Оның 10 мың шаршы метрі сауда алаңына, ал қалған 10 мың шаршы метрі 400 көлік сиятын екі қабатты паркингке арналған. Жаңа сауда орталығында 500-ге жуық жұмыс орны пайда болады.

Еске салсақ, Алматыдағы сауда орындарын жаңаландыру бағдарламасының аясында 11 базар жөндеуден өтті: Олжа, Сәлем, Аксай 3, Алатау 1, Алатау 2, Еуразия, Юпитер, Довун, Ақжар, Орбита, Қарасу базарлары. Одан бөлек, тағы 5 базарды (Қарқара, Мехрениса, Саяхат, Тастақ, Ақ-Бұлақ) жаңартып, 2017 жылдың соңына дейін қайтадан іске қосу жоспарланып отыр. 2022 жылға дейін тағы 40 сауда орны жөндеуден өтеді.

Похожие материалы