Алматы қай жағынан есептесеңіз де бай қала. Әсіресе, демалыс орындарынан кенде болған емес. Тұрғындардың шопинг пен фаст-фуд жеуді демалыстың бірі түріне айналдырып алғанын ескермегенде, Алатаудың баурайынан сіз үшін тамаша орындар табылатыны анық. Бой сергітерлік, таза, тыныш және ТЕГІН. Иә, Алматыдан да ақшаңызды шығын қылмай қыдыруға болатын жерлер бар.
Орын: Арбат
Мекен-жайы: Абылай хан даңғылы мен Қонаев көшелерінің аралығы, Жібек жолы даңғылы
Арбат тыныш болуы сирек. Таңертеңнен кешке дейін алматылық тұрғындар мен көліктердің шуы осы алаңдағы музыкамен жалғасып жатады. Саксофонның орындаудағы классикадан бастап гитара үніне дейін естіледі. Көше музыканттары арасында кеше ғана бірінші аккордтарды енді үйреніп, бүгінде қала тұрғындарының алдына еркін шығып жүргендер мен музыкалық өнердегі шеберліктерін көшеден табатын "табысы" жолына айырбастап жүргендер де бар. Ешбір тиын төлеместен қала суретшілерінің көздің жауын алатын картиналарын тамашалай аласыз.
[caption id="attachment_20650" align="aligncenter" width="800"] Фото:yvision.kz[/caption]Әр жыл сайын тамыз-қырүйек айларында қазіргі заманғы өнер ArtBatFest фестивалі өтеді. Бұдан бөлек жәрмеңкелер мен фейсбуктен танымал болған "ДомбыраParty" кешін де осы жерден табасыз. Үйден асқазаныңыздың қамын ойлап шықсаңыз, Арбат - эстетикалық тәрбие алып, шулы қаланың ортасында еркін демалып қайтуға болатын орын.
Орын: Бірінші Президент атындағы парк
Мекен-жайы: Фурманов – Желтоқсан, Ганди – Тимирязев көшелерінің шаршысы.
[caption id="attachment_20651" align="aligncenter" width="800"] Фото:yvision.kz[/caption]Еуропада болғанды қаласаңыз, осы парк сіз үшін таптырмас орын. Қала тұрғындарының жамылғысын алып, кітап оқып, бадминтон мен фрисбиде ойнап, жай ғана сергіп қайтатын сүйікті жерлері. Тамаша табиғат аясы романтикалық фотосессия үшін де таптырмас орын болады.
Сенбі күндері таңертеңгілік салауатты өмір салтын қолдаушылар хатха-йога бойынша тегін сабақтар өткізеді.
Орын: 28 панфиловшы паркі
Мекен-жайы: Қазыбек би көшесі
[caption id="attachment_20659" align="aligncenter" width="870"] Фото:.panoramio.com[/caption]Алматыдағы ең танымал демалыс парктерінің бірі. 18 гектарға созылған паркте ағаштардың алуан түрі өседі. Қала тұрғындары мен қонақтары атақты 316-шы атқыштар дивизиясының командирі Иван Панфиловтың ескерткішін, Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлерге арналған және өзге де монументтерді көре алады. Бірақ парк тек соғыс батырларының ескерткіштерімен ғана танымал емес. 28 панфиловшылар паркінің аумағында 20 ғасырға тиесілі Вознесенский кафедралық шіркеуі, Халықтық музыкалық аспаптар музейі және Офицерлер үйі тәрізді бірнеше тарихи ғимараттарды тамашалай алады. Олардың әрбірінің өз тарихы бар.
Орын: "Атакент" ҚІСО
Мекен-жайы: Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысы
[caption id="attachment_20652" align="aligncenter" width="867"] Фото:coswick.by[/caption]"Атакент" - Президент бағы тәрізді тыныш демалыс орны қатарына жатқызылады. Сондай-ақ бұл жердегі павильондарда халықаралық, ұлттық, арнайы бағыттағы жәрмеңкелер мен көрмелер өткізіледі. Сән әлемінің жаңалықтары мен үнділік тауарлар жәрмеңкесін де осы жерден табасыз. Қалаға танымал "Бақшасарай" мейрамханасы- дүбірлі тойлар мен салтанатты кештердің орталығы. Жанында "Қарқара" сауда орталығы мен "Галерея" сауда орталығы орналасқан.
Орын: Қалалық сағаттар
Мекен-жайы: Абылай хан мен Бөгенбай көшелерінің қиылысы
[caption id="attachment_20653" align="aligncenter" width="656"] Фото:http:ilovealmaty.kz[/caption]Алматы қалалық сағаттары Бас почта ғимаратында орналасқан және 1964 жылдан бері жұмыс істейді. Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін сағаттың жан-жаққа қарайтын 4 циферблаты бар. Әрбір 30 минут сайын олар 3 түрлі музыкалық мелодиямен белгі береді. Алматылық "Биг бенге" қарама-қарсы жаңа сағат дүкені ашылған. Сондықтан осы маңайға кездесу белгілеместен бұрын нақты қай сағаттың жанында тұратындығыңызды анықтап алғаныңыз дұрыс. Көше бойындағы ғимараттар өзіндік стилімен ерекшеленеді. Әлбетте, Алматының ең әдемі орындарының бірі қызметін тегін ұсынады.
Орын: Шаңғы трамплинінің халықаралық кешені
Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, "Есентай" сауда үйіне қарама-қарсы
[caption id="attachment_20655" align="aligncenter" width="640"] Фото:kaztrk.kz[/caption]Шаңғы трамплиндері 2011 жылғы Азиада ойындарынан алматылықтарға қалған сый. Ол жерде қандай қызық? Маусым сайын өтетін жұлдызды концерттер мен қысқы ойындар тамашалауға болады. Ал тегін қызмет түрі ретінде қаланы биіктіктен тамашалауды ұсынамыз. Таза ауа, орындықшалары бар көру алаңы. Арбаттың тұрғындарын да бұл жерден таппайсыз. Тыныштық.
Орын: MEGA, "Dostyk Plaza" сауда орталықтары
Мекен-жайы: Розыбакиев көшесі және Достық даңғылында орналасқан
[caption id="attachment_20656" align="aligncenter" width="776"] Фото: megacenter.kz[/caption] [caption id="attachment_20657" align="aligncenter" width="777"] Фото:forbes.kz[/caption]Егер гардеробыңызды жаңартып, соңғы шыққан фильмдерді 2 рет қайталап, үйден асқазаныңыздың жағдайын жасап шықсаңыз сауда орталықтары да демалыс орындары бола алады. Көптен көрмеген танысыңыңызды фуд-корттан көріп қалу мүмкіндігі осы орындарда жиі кездеседі. Жаңа көйлегіңізді көпшілік алдына таныстыруға арналған тамаша подиум. Әр мереке сайын сауда орталықтарының алдында түрлі концерттер мен акциялар жиі ұйымдастырылады, сондықтан жұлдыздарды кездестіріп қалудың сәті түсуі де мүмкін. Таудың бөктеріне шығып, табиғатты тамашалауға ерінгендер үшін нағыз қалалық демалыс орындары болмақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024