Экономика
Алматыда қызанақтар 10 мың теңгеден сатылуда
Алматы қаласындағы "Есентай Гурмэ" гастрономындағы "алтын "қызанақтардың қымбат бағасы туралы әлеуметтік желіде талқылануда. Блогерлердің бірі фейсбук әлеуметтік желісінде аталған қызанақтар мен оның бағасы көрсетілген суретті жариялаған. Суретте қызанақтың бір келісі 10 мың теңге деп көрсетілген.
Сауда орталығы әкімшілігінің
сөзінше, "Сладкий сон" қызанақтары өте дәмді және жұқа қабығымен ерекшеленеді. Оларды күтіп-баптап өсіргеннен кейін француздық фермерлер қолмен жинап алады. Жасанды өсіру, химиялық тыңайтқыштар пайдаланылмайды. Олар басқа көкөністер сияқты тоңазытқышта ұзақ сақталмайды.
Сондай-ақ, гастрономда клиенттердің талабын орындау үшін арнайы топ еңбек етіп жатыр және арнайы зертхана құрылған. Кез келген өнім дүкен сөресіне жіберілмес бұрын сапасына байланысты зертханада тексеруден өтеді.
Гастроном әкімшілігі бағаның қымбат болуын түсіндіру үшін тұтынушыларды қызанақтардың дәмін татып көруге шақырды. Бұл туралы орталық фейсбук парақшасында жазды.
Фото: facebook