Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда зейнеткер атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Алматыда зейнеткер атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген әйел ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомстово хабарлауынша, К. есімді азамат зейнеткердің сеніміне кіріп, оның жеке деректерін пайдалану арқылы атынан 900 мың теңгеге тауарлы онлайн-несие рәсімдеген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазір аталған іс бойынша тергеу жалғасуда.

Похожие материалы