Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - 17 ақпанда Алматыда жаңа көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылады. Енді ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің өздерді сата алатын болады деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігіндегі ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы.
"Mizam" сауда орталығы мемлекеттік-жеке әріптестік негізде жүзеге асырылғанымен, толығымен жеке инвестиция есебінен салынған. Жоба құны - 3,1 млрд теңге. Бұл жерде 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жаңа орталық Алатау ауданындағы 4 га жерде орналасады.
"Азық-түлік тауарларын сату бойынша жаңа жоба шетелдің, нақтырақ айтқанда француздық "Ранжис" нарығының тәжірибесіне негізделген. "Mizam" концепциясының бірі - тікелей жеткізушілермен жұмыс істеу. Осы арқылы ортадағы делдалдық кезеңді алып тастап, өнімнің бағасын төмендетуге болады", - деп жазылған ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының хабарламасында.
Сурет тек иллюстрация үшін берілді
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024