2015 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласында жаңа екі метро бекеттері ашылды. "Сайран" және "Мәскеу" бекеттерінің ашылуына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Президент Алматының 1,5 млн тұрғыны бар үлкен мегаполис екенін атап өтті. "Қала өсіп келеді. Метроның ашылғаны жақсы болды, кептеліс кезінде тұрғындан үшін қолайлы болмақ. Бұл экологияны жақсартады. Жақында айналма жол салынады. Аталған станциялардың ашылуымен жолаушылар легі көбейері сөзсіз", - деді мемлекет басшысы. Метроның ашылуына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, бизнесмен Кеңес Рақышев, Ресейдің бас консулы және т.б жоғарғы қызметтегі адамдар болды.
«Сайран» станциясы Абай даңғылы мен Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында орналасқан.
«Мәскеу» бекеті — Абай даңғылының бойында Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында.
2012 жылы жолаушылар легі күніне 15-16 мың адам болса, 2014 жылы ол көрсеткіш 24-25 мың адамға дейін көбейді. "Сайран," және "Мәскеу" бекетінің ашылуымен олардың саны екі есеге өседі дейді билік басындағылар.
Алматы метрополитені 2011 жылдың 1 желтоқсанында жұмысын бастаған болатын. Бірінші желіде 7 бекет бар. Олар: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы драма театры" және "Алатау".
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024