Астана. 22 қазан. 7kun.kz – Биыл 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірге Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасының жолын кесті деп хабарлайды 7kun.kz.
ҰҚК Шекара қызметі өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстады.
Тінту нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымдардың мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтиярхат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша тіркелді.
Ұсталған адам Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024