Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жаңа көшелер пайда болады

Алматыда жаңа көшелер пайда болады

Алматы. 7 мамыр. 7kun.kz – Алатау, Бостандық және Медеу аудандарындағы көшелерге көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлерінің есімдері берілді. Қала мәслихатының депутаттары олардың атауларын бекітті. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Олардың арасында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Қаршыға Ахмедиярұлы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар.

Сондай-ақ көшелердің бірі Түркияның экс-премьер-министрі, саясаткер Аднан Мендереске берілді. Ол ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға көмек көрсетті.

Көшелер "Нұркент", "Ерменсай", "Нұр Алатау", "Нұрлытау" және "Алатау" шағын аудандарында орналасқан.

Похожие материалы