Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды

Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – 23 күні түнгі уақытта Бостандық ауданында жастар арасында төбелес орын алды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полиция мәліметінше, дабылға бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы ден қойып, нәтижесінде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін деген 11 адам ұсталды.

Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қақтығыстың басқа да мән-жайлары анықталуда.

Похожие материалы