Алматыдағы қоғамдық көліктерде жолақысын қолма-қол төлеу қайта қолға алынып, төлем жасайтын жолаушыларға арналған арнайы құрылғылар орнатылады. Алайда қолма-қол жолақы құны 120 теңгеге қымбаттап, электронды төлем бағасы бұрынғы қалпында қалуы мүмкін.
Бүгін Алматыда 35 жаңа автобустың таныстырылымы болды. Green Bus компаниясы хабарлағандай, қоғамдық көліктерді сатып алуға 1 млрд 200 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған. Сондай-ақ, қала күніне орай 2 млрд 680 млн теңгеге тағы 100 автобус сатып алынатын болады.
"Оңай" жүйесі арқылы жинақ төмендей бастады. Нақты бір бақылау енгізу қажет. Аталған жүйеге сынмен қарағыларыңыз келеді. Сондықтан біз қолма-қол режим бойынша бір рет қолданылатын билеттерді енгізіп жатырмыз. Алайда әлемнің көптеген елдерінде көп қолданылатын билеттен гөрі (карта) бір рет пайдаланылатын билет құны қымбат. Осы себепті біз ІІД-мен бірге қатаң текскру жүргіземіз", - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Айта кетейік, қала әкімі жек инвесторлар арқылы Алматы қаласына газбен жүретін 200 автобус келетінін мәлімдеген болатын. Жалпы мегаполисте 1600-ге жуық автобус бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024