Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz – Қалада жеті айда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл туралы Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Жыл басынан бері Алматы аумағында 1560 интернет-алаяқтық тіркелген. Егер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, қылмыс саны 34,6%-ға төмендеді. 2022 жылдың 7 айында қылмыстарды ашу пайызы 30%-дан асты», – деді Қуатбек Науатов.
Ол бейтаныс адамдардың өтініші бойынша Anydesk және Teamviewer сынды қашықтан кіру бағдарламаларын орнатпауға шақырды..
«Алдаудың танымал тәсілдерінің бірі – өздерін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстыратын қаскүнемдердің қоңыраулары. Жәбірленушілермен әңгіме барысында олар өздерінің шоттарынан күдікті транзакциялар жасалып, жаңылыстырылғанын айтады. Жәбірленушілерден ақша қаражатын үнемдеу мақсатында ұялы телефонына Anydesk немесе Teamviewer қосымшаларын жүктеуді сұрайды. Алайда, кейіннен бұл бағдарламалар олардың иелерінің смартфонына және сәйкесінше мобильді банкинг қосымшасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қол жеткізгеннен кейін алаяқтар жалған шоттарға заңсыз транзакциялар жүргізеді», - дейді Науатов.
Аталған схема бойынша сотқа 461 қылмыстық іс жолданды.
Сондай-ақ қалалық криминалдық полиция басшысы интернет-алаяқтықтың ең көп орын алатын платофомаларын айтты.
«Olx.kz, Kolesa.kz, Krisha.kz, Market.kz, Instagram.com және Vkontakte.com әлеуметтік желілері - қаладағы интернет-алаяқтық ең зақымдалған платформалары», - деп атап өтті Куатбек Науатов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024