Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда зияткерлік ойындар бойынша алғашқы "Еуразия кубогы" өтеді

Алматыда зияткерлік ойындар бойынша алғашқы "Еуразия кубогы" өтеді

2015 жылдың 11, 12, 13 қыркүйек күндері Almaty Towers-те интеллектуалдық ойындардан "Еуразия кубогы" өтеді. Ол жерде 11 елден 200-ге жуық қатысушы келеді: Қазақстан, Ресей, Грузия, Германия, Израиль, Латвия, Тәжікстан, Түркіменстан мен Әзірбайжан. 

«Еуразия кубогы» Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Шараның серіктестері - "Болашақ" қауымдастығы мен HiPO.kz компаниясы. I «Еуразия кубогы» аясында мынадай зияткерлік ойындар өткізіледі:
  • «Не? Қайда? Қашан?» бойынша I Еуразия кубогы  (15 сұрақтан, 6 тур);
  • Брейн-ринг бойынша Еуразия кубогы;
  • Своя игра бойынша II Азия кубогы;
  • Своя игра бойынша I Еуропа кубогы;
  • Хамса бойынша I Еуропа кубогы.
Іс-шара туралы қосымша ақпараттар: Өтетін жері: Алматы қ, Байзақов к-сі, 280, «Almaty Towers» ғимараты, 3-қабат, Grand Hall Уақыты: 11, 12, 13 қыркүйек  

Похожие материалы