Алматыдағы бірнеше ойын-сауық орталықтары (ОСО) жабылуы мүмкін. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fashion Spring 2016 халықаралық сән көрмесінде Қазақстан ретейлер ассоциациясының президенті Василий Горевой мәлімдеді, деп хабарлайды forbes.kz.
Оның сөзінше, қазіргі кезде Қазақстандағы ретейлерлер мен ОСО-ы қиын кезеңді бастан өткізіп жатыр. "ОСО-дағы сауда алаңдарының 25-30%-ы босап жатыр. Алдағы уақытта Алматыда 2-3 орталық жабылып қалуы мүмкін", - деді ол.
Сондай-ақ, Васелий Горевой оңтүстік астанада ашылатын жаңа сауда алаңдарының жұмысы туралы да айтты.
"Алматыдағы сауда орталықтарының жағдайы әртүрлі. Бір-бірінен бірнеше шақырым ғана қашықтықта орналасқан сауда орталықтарының трафиктері тым үлкен. Ал қазақстандықтардың жалақысы теңгеге қатысты индексацияланбаған. Қазіргі уақытта тауарлар саны да екі есе азайған. Тіпті жаңа коллекциялардың ассортименті 30-40%-ға қысқарды. Бұған қоса тағы да жаңа сауда орындары пайда болмақ. Бірақ олардың жұмысының қаншалықты сәтті болатыны әзірге белгісіз", - деді ретейлер.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024