Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы қаласы Мәслихатының ХXV сессиясы барысында қала әкімі Ерболат Досаев мегаполистің даму жоспарын жария етті. 2030 жылға қарай Алматыда бес жаңа полиорталық пайда болады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жоспар бойынша 2030 жылға дейін Алматыда бес жаңа полиорталық пайда болады. Бұған қала бюджетінен 6,1 триллион теңге қарастырылған. Әкімнің айтуынша, бұл қаражаттың 55%-ын жеке инвесторлар бөледі.
Қала әкімінің айтуынша, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы базарлар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қала сыртына көшіріліп, орнына жаңа ықшамаудандар мен демалыс орындары салынады. Ал Құлжа трактінің бойында жоғары жылдамдықта жүретін автобус желілері іске қосылып, саябақ салу да көзделіп отыр.
Сондай-ақ қаланың батыс бөлігінде Алматы 3 темір жол вокзалы салынып, Алматы 2 бекетінен Қонаевқа электр пойызы қатынайтын болады.
Сессия барысында қаланың оңтүстік-батысында орналасқан «Алтын Орда» базары туралы да айтылды. Қаланың бас жоспарына сәйкес, базар көтерме сауда орталығына айналмақ. Ал «Барлық» базарының орнына метро станциялары, жүрдек автобус желілері мен теміржол вокзалы пайда болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024