Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – «Барыс-4» базары мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы соты facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
Қалалық сот талап арызды қанағаттандырып және «Барыс-4» базарының жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады.
«Уәкілетті органның өкілі талап қою талаптарын мойындады. Ол объектіні жекешелендіру мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіре отырып, төмендетілген құн бойынша жүргізілгеніне келісті. Мәмілені жарамсыз деп тану үшін «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 112-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын бұзу, атап айтқанда сатып алушыға объектінің құнын төмендетуде көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болды. Сотта мемлекеттік мүлікті төмен құны бойынша сату фактілері расталды. Сот талапты қанағаттандырып, «Найза-БН» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды», – делінген сот хабарламасында.
Үшінші қазанда жарияланған сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, «Найза-БН» ЖШС құрылтайшыларының бірі Болат Назарбаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024