Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдан Қарағандыға 5999 теңгелік рейс ашылды

Алматыдан Қарағандыға 5999 теңгелік рейс ашылды

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 2019 жылдың 2 мамырынан бастап FlyArystan Алматыдан Қарағандыға және кері бағыттағы күнделікті рейстерді ашты.

Ұшу ұзақтығы - 1 сағат 30 минут, ал билеттің бағасы аэропорт алымдарымен қоса есептегенде 5999 теңгеден басталады. Билеттерді www.flyarystan.com сайтынан сатып алуға болады.

«Қазақстанның төртінші ірі қаласы – Қарағандыға рейстер жоғары сұранысқа ие екені көпшілікке мәлім. Бұдан былай оңтүстік астанадан Орталық Қазақстанға жету әлдеқайда жеңіл, әрі арзан болады. Отандастарымыз бірінші лоукостердің жұмысын жоғары бағалайды деген сеніммен, 2 мамырдан бастап тұрақты рейстерді орындайтынымыз туралы қуана хабарлаймыз», - деп мәлімдеді Жанар Жайлауова, FlyArystan-ның сату мен маркетинг бөлімінің директоры.


Похожие материалы