Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың дамуына үлес қосқан қазақстандықтар миллион теңге сыйақы көлемінде марапатталды.
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана – ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті.
Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының елордасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары туындағанын атап өтті. Сол кезде осынау теңдесі жоқ ойдың шындыққа айналатынына көпшілік сене қойған жоқ. Бірақ, тарихтың өзі жас әрі тәуелсіз мемлекет үшін бұл шешімнің қаншалықты өміршең әрі көрегендік екенін дәлелдеді.
Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша берілді, олар – білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.
Сонымен, астананың қалыптасуына үлес қосқандары үшін «Астана – ардағым» сыйлығының лауреаттары атанғандар:
1. Астананың ғылым саласында дамуына қосқан үлесі үшін – Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай;
2. Астананың спорт саласында дамуына қосқан үлесі үшін – Туризм мен спорттың бұрынғы министрі Темірхан Досмұхамбетов;
3. Астананың денсаулық сақтау саласында дамуына қосқан үлесі үшін – Алматыдағы №1 перзентхананың бас дәрігері Наурызбай Рақышев;
4. Астананың білім саласында дамуына қосқан үлесі үшін – ғалым, жазушы Мырзатай Жолдасбеков;
5. Астананың құрылыс саласында дамуына қосқан үлесі үшін – «Базис-А» құрылыс копорациясының басшысы Александр Белович, инженер- құрылысшы Осман Шаханов;
6. Астананың сәулет саласында дамуына қосқан үлесі үшін – Қазақстанның сәулетшілер Одағының президенті Ақмырза Рүстембеков;
7. Астананың инновация саласында дамуына қосқан үлесі үшін – дәрігер,инфекционист Қарлығаш Әбдиева;
8. Астананың өнер саласында дамуына қосқан үлесі үшін – Көркемөнер академиясының президенті Амандос Ақанаев, мүсінші Болат Досжанов және дизайнер Құралай Нұрқаділова;
9. Астананың әдебиет саласында дамуына қосқан үлесі үшін – жазушы және журналист Рамазан Думан, ақын Райымбек Маралтай;
10. Астананың ақпарат саласында дамуына қосқан үлесі үшін – «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, фотограф Максим Золотухин және 31-ші арнаның бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова;
11. Астананың кинематоргафия саласында дамуына қосқан үлесі үшін – режиссер Ермек Шынарбаев және актер Әділ Ахметов;
12. Астананың музыка саласында дамуына қосқан үлесі үшін – композитор Марат Омаров және әнші Нағима Есқалиева.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024