Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Алматыда жаңа туған нәрестені 2 миллион теңгеге сатпақ болған жұп ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынды. Олардың әрқайсысының атқарған рөлдері болған.
«Туылғанына алты күн болған қызын 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы ер адам сатпақ болған. Жұп баланы сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастағаны анықталды. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы келген - 48 жастағы У. есімді ер адам және 46 жастағы Е. есімді әйел. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалыста жасалған. Алайда Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармалары қызметкерлерінің қаланың әр жерінде бір уақытта жүргізген арнайы іс-шарасы күдіктілердің жоспарын бұзды. Алғашқылардың қатарында қыздың биологиялық ата-анасы ұсталды. Одан кейін – әлеуетті сатып алушылар және ерлі-зайыпты делдалдар. Келесі қадам ақшалай сыйақы үшін баланың құжаттарын рәсімдеу міндетін өз мойнына алған 56 жастағы А. есімді әйелді ұстау болды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Полиция сатып алушылар мен делдалдардың бір уақытта ұстаған.
«Өте маңызды жайт: кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәбиі болған, болжам бойынша үш және және айлық балалар. Ер адам бұлар өздерінің балалары екенін айта бастады. Алайда олар балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, осы арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби алынды. Олар медициналық мекемеге тексерілу және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды «тірі» тауар ретінде пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу міндетті түрде шындықты анықтайтын болады», – деді Аханов.
Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы мәліметінше, дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысқа сәйкес соталды тергеу басталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024