Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда электр энергиясы үшін ақы төлеу кезінде бизнес өкілдеріне жеңілдік жасалмақшы. Алайда қарапайым тұтынушылар электр қуаты үшін көбірек төлеуге мәжбүр болады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әзірге электр энергиясын жеткізуші ұйымдардың тарифтері тұтынушылардың тобына қарай әр түрлі. Жеке тұлғалар үшін арзан, заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар электр энергиясының ақысын көбірек төлейді. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі жағдайда шағын және орта бизнес жыл сайын жарық үшін шамамен 31 млрд теңге артық төлейді деп есептейді.
Аталған агенттік алдағы бірнеше жылда бұл жүйені біртіндеп жоюды, сондай-ақ, тұтынушылардың барлық санаттары үшін жарық үшін ақы төлеу тарифіндегі алшақтықты жақындатуды жоспарлап отыр.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде бірнеше жыл ішінде тарифтерді саралауды кезең-кезеңімен қысқарту және алып тастау бағдарламасы көзделген. 2 наурызда ел президенті энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша бұл жұмысты пилоттық режимде Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бастауды тапсырды», деді агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин
Ведомствоның баспасөз қызметі тариф тұтынушылардың барлық үш тобы үшін өзгеретінін айтты, бірақ жаңа тариф қашан енетіні белгісіз. Ал жеке тұлғалар үшін электр қуатының бағасы қаншалықты қымбаттайтыны белгілі.
Соңғы мәлімет бойынша, Алматы тұрғындары электр энергиясы үшін ай сайын орта есеппен 200-300 теңгеге артық төлейді. Ал әлеуметтік осал топтар үшін тариф өзгермейді. Себебі артық төлемді мемлекет субсидиялайтын болады.
Бүгінде Алматыдағы көппәтерлі үйлердегі тұтынушылар (жеке тұлғалар) электр энергиясына тұтыну көлеміне қарай 1 кВт үшін 17,53 теңгеден 28,32 теңгеге дейін төлейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024