Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – Алматыда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) төлем сомасы сәуір айының соңына қарай 34,8 миллиард теңгені құрады, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Түсімдердің негізгі бөлігі немесе шамамен 32,3 млрд теңге – бұл жұмыс берушілердің аударымдары, өйткені МӘМС үшін 2018 және 2019 жылдары аударымдар бойынша міндеттеме сақталады.
Жеке кәсіпкерлер өздері үшін жарналарды тек 2017 жылдың екінші жарты жылдығында сол кезеңдегі қолданыстағы заңнама бойынша төледі.
Естеріңізге сала кетейік, егер ЖК-де жалдамалы жұмыскерлер бар болса, олар жұмыс беруші ретінде аударымдар төлеуі тиіс.
Алматы қаласы бұрынғысынша өңірлер бөлінісінде төлемдер бойынша көшбасшы орынға ие – барлық қорлардың бестен бір бөлігі. МӘМС-қа түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024