Экономика
Регионы
Алматының 2015 жылғы бюджет шығыны 3,3 млрд теңгеге оңтайландырылды
Алматы қаласының 2015 жылғы бюджеті 434 млрд 497 млн 412,3 мың теңгені құрады деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі сейсенбі күні.
Қала бюджетін шегергенде 350 млрд 841 млн теңге (183,81/$1).
Бюджет көлемі кезектен тыс өткізілген маслихаттың 5 жиналысының 25 сессиясында нақтыланды, бұл жиналысқа қала әкімі Ахметжан Есімов та қатысты.
Өз кезегінде қала әкімі 2014 жылы мегаполисте барлық көрсеткіштер бойынша жағымды динамика сақталғандығын атап өтті. Сонімен бірге, әлемде орын алған экономикалық ахуалды назарға ала отырып, Алматыда «2015-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспар» құрылды.
"Өткен жылды жақсы өткердік. Жоғарыда атап өткеніміздей, осы жылы бюджетті қысқартуымыз мүмкін. Біз 3,3 млрд теңге көлеміне дейін бюджетті оңтайландырдық. Бір жағынан, жергілікті бюджетті толтыратын резервтар бар. Мұның барлығы Анткризистік жоспарда көрсетілген. Біздің ендігі мақсатымыз – барлығын жүзеге асыру", - деді қала әкімі А. Есімов.
Маслихат жиналысы барасында Алматы қаласының әкімдігінің құрамына үш басқарма қосылды – мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық басқарма, жерді пайдалануды қорғау басқармасы және ауыл шаруашылық басқармасы.
Тамыз айында елбасы билікті жекешелендіруге байланысты кейбір қызметтер мен лауазымдарды жергілікті органдарға беруді атап кеткен болатын. Мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық комитет бізде бар болатын, бірақ олар министрлікке тікелей бағынушы еді, енді оларды бізге берді. Қалған екі басқарманың да жағдайы сондай. Орталыққа бағынғандарды жергілікті атқарушы органдарға қосып отыр," – деп қосымша атап кетті А. Есімов.
Қазақстанның ең ірі қаласы – Алматының тұрғындар саны 1,7 млн адамды құрайды.