Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz - Алматы қаласының 2016 жылғы жергілікті бюджеті 30 млрд теңге деп нақтыланды. Бұл туралы қала маслихатының кезектен тыс отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметі.
Қала бюджетін жоспарлау және экономика басқармасының жектекшісі Мақсат Қиқымов хабарлағандай, аталаған қаржы ішкі істер департаменті, жедел жәрдем қызметінің техникалық және материалдық базаларын толықтыру, транспорт жүйесін жақсарту, қала тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, қаланы көгалдандыру, электромобиль бекеттерін құру секілді іс-шараларды жүзеге асыруға жұмсалады. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің сейсмикалық жағдайын нығайту, біріктірілген аудандарды газдандыру мен басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады.
«Депутаттар 5,1 млрд теңгеге жаңа коммуналды автобус паркін салу және 595,3 млн теңгеге азаматтардың басқа топтарын жеңілдетілген жолақымен субсидиялау сынды ұсыныстарын айтты", - деді Қиқымов.
Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті қамтмасыз ету мәселелеріне көңіл бөлінді. Осылайша көпшілік жиналатын орындардағы және транспорттардағы видео-мониторинг жобасын жүзеге асыруға 8,6 млрд теңге, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды видеоға жазып алу жобасына 5,8 млрд теңге бөлінеді.
Мақсат Қиқымов атап өткендей, мақсатты трансферт есебінен 2017 жылы қаржыландырылатын жобаларға 1,4 млрд теңге бөлінуі керек. Қаражат Наурызбай ауданында аудандық ішік істер басқармасы ғимаратын салуға, 5 мектеп, 7 балабақша, және емхана құрылысына жұмсалады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024