Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы әкімдігі 2019 жылдың соңына дейін қаланы дамытуға 29 млрд теңге жұмсайды.
Ведомствода «Алматыны дамытудың 50 жоба-драйвері» бағдарламасына қаражат бөлінетінін нақтылап өтті.
Оның ішінде биылғы жылы 193,2 миллион теңгеге 360 адамға арналған психоневрологиялық интернат үйін салу жоспарлануда. Бұдан басқа, ғимараттардың сейсмотұрақтылығын күшейтуге және қайта жаңартуға 1,1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, көшелер мен саябақтарды абаттандыруға 6,7 млрд теңге бөлінді.
Бұған дейін мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев ескі үйлерді бұзуға 18 млрд теңге жұмсайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, биыл Алматыда 10,3 мың шаршы метрге жуық ескі тұрғын үйді бұзу жоспарлануда. Барлығы 19 үй бұзылатын болады.