Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - Алматының жалпы өңірлік өнімі 2015 жылы 8,5 трлн теңгеден асты, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде.
Әкімнің айтуынша, Алматы - елдің ірі мегаполисі, ол ЖІӨ-нің 20 пайызын құрап, мемлекетке салықтың 31 пайызын түсуді қамтып отыр.
«Қазір біз мегаполис ретінде жеке капитал мен жеке бастамаларды қолдап, бизнестің жұмыс орнын ашқанын қадағалауымыз қажет», - деп баса айтты ол.
Сондай-ақ, қала басшысы айтып өткендей, қазіргі жағдайда сатып алу сұранысын, сауданы ынталандырып, кәсіпорындарды қолдау аса маңызды.
«Бүгінде көтерме сауда көлемінің жартысы, бөлшек сауда операцияларының төрттен бір бөлігі, сыртқы сауда айналымының алтыдан бір бөлігі және екінші деңгейдегі банктердің портфелінің, несиелердің 60% бізде. Жалпы, әлемдегі күрделі жағдайға және дағдарысқа қарамастан мемлекеттік бюджетке 1 трлн 36 млрд теңге аударылды. Оның ішінде республика бойынша артығымен атқару 10% және жергілікті бюджет бойынша - 6%», - деді ол.
Фото: kazrabat.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024