Алматының базарлары мен дүкендері Арысқа құрылыс материалдарымен көмектесті
Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Алматы қаласының 11 құрылыс базары мен дүкені Арыс тұрғындарына 30 млн теңгеге көмек көрсетті, деп хабарлайды NUR Otan партиясының Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Арыс қаласында ТЖ-дан зардап шеккендерге көмек ретінде лак-бояу материалдары, құрғақ құрылыс қоспалары және үйлерді қалпына келтіруге арналған басқа да материалдар жиналды. Барлығы 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтілді.
"Біз "асарға" бастамашылық жасадық, өйткені бұл біздің азаматтық борышымыз – оған мұқтаж адамдарға көмектесу. Барлық қалалықтарды топтасуға және Арыс қаласының зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамыз", - деп атап өтті OBI гипермаркетінің басқарушы компаниясы.
Сондай-ақ, компанияның 250 қызметкері зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды.
Қалалық құтқару қызметінің базасында қойма ұйымдастырылды,оған алдағы уақытта Түркістан облысына жөнелту үшін барлық материалдар жеткізіледі. Қала әкімдігі Алматы қаласы ТЖД-мен бірлесіп тасымалдау үшін қажетті техника бөлді және қалпына келтіру жұмыстарының негізгі бөлігі орындалғанға дейін көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысының Арыс қаласындағы оқ-дәрілер қоймасындағы өрт салдарынан ондаған қала тұрғындары зардап шеккен.
Қаланың тұрғын үй қорының 7 600 үйі әйнектен айырылып, 80-85% үйдің шатыры зақымдалды,делінген Арыс қаласында төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024