Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz — Алматының ботаникалық бағы 1 шілдеден 1 қарашаға дейін қайта жаңартудың белсенді кезеңіне байланысты жабылады, деп хабарлады Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі.

Бұған дейін жөндеу жұмыстары кезінде де бақша ашылады деп жоспарланған. Алайда, келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін, себебі қайта құру аймақтарында ірі көлемді және ауыр салмақты құрылыс техникасын тарту арқылы жұмыстар жүріп жатыр.

"Қалпына келтіру аймағын денсаулыққа зиян келтірмейтіндей етіп қоршау мүмкін емес. Әрине, бақшаға тұтас топтармен келетін балалар ерекше алаңдаушылық тудырады. Сондықтан, жазатайым оқиғалардан аулақ болу үшін 1 шілдеден 1 қарашаға дейін қарқынды жұмыс жасау кезеңінде бақшаны жабу туралы шешім қабылданды. Біз Алматы тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулер үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытады деп үміттенеміз", — деді Қор директоры Марат Айтмағамбетов.

Еске сала кетейік, Алматының Бас ботаникалық бағын қайта жаңарту 2018 жылы басталды. Жобаның бастамашысы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов қоры болды.

Похожие материалы